Семейлік жас кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасаймын деп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Жас кәсіпкер» жобасының аясында Айдын Серікқазы қымыздан балмұздақ жасаймын деген бизнес-жобасын қорғады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Балмұздаққа «Qaz Ice» деп ат қойған ол, ұлттық сусынды әлемдік брендке айналдырғым келеді дейді.
– Көбіне кішкене балалар қымыз ішпейді ғой, сондықтан, осы бір бастаманы қолға алдым. Әрі табиғи таза өнім пайдалы болып табылады, – дейді жас кәсіпкер.
Тәтті жобасын сәтті қорғаған Айдын енді 550 мың теңге көлемінде грантқа ие болмақ.