Қытайлық ұстазы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай студент болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл видеороликті жариялай отырып, оның 1983 жылы Бейжіңде түсірілгенін айтты.
«Бұл роликте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кезде түсірілген сирек фотосуреттері ұсынылған. Университет оқытушысы Лю Шицинь өзінің жеке мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттермен бөлісіпті», - делінген жазбада.
Сирек фотосуреттер келтірілген роликте Тоқаевтың Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында тағылымдамадан өтіп жүрген кезі бейнеленген.
«Бұл ЖОО КСРО-дағы беделдісі саналып, дипломаттарды оқытқан. Қазақстанның болашақ президенті Қытайда тағылымдамадан өтіп жатыр. Оқытушысы Лю Шицинь өз оқушысын білімге құштар, талапшыл әрі оқуда озат болғанын еске түсіреді», - делінеді роликте.
Осыдан кейін Бейжің тіл университетінің оқытушысы Лю Шициньнің сөзі беріледі:
«Мен бұл университетте жаңалықтар тыңдау курсынан сабақ бердім. Бір таңғаларлығы, әлі күнге сол кездегі дәрістердің бірінен сурет сақталып қалыпты. Бұл - аудиовизуал зерттеулер класында түсірілген. (...) Белсенді, тіл табысқыш, тез арада үздік оқушылардың бірі болды. Газет оқып, өз көзқарасын білдіруді ұнататын, өте әдіпті. Дәл осы қасиеттері осындай биікке жеткізді».