16.08.2019, 06:33

Метеорологиялық жағдай Қазақстанның 1 қаласында ауаның ластануына әсер етеді

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жұма, 16 тамыз күні метеорологиялық жағдай Қазақстанның 1 қаласында ауаның ластануына әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып. 

Синоптиктердің деректері бойынша, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе қаласында ауа ластанады деген болжам бар. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Тегтер: ауа сапасы