Жаңалықтар 16.08.2019 сағат 15:26

«Бірыңғай тәртіп болуы керек»: министр мұғалімдердің жұмыс кестесіне қатысты пікір білдірді

Аймағамбетов министрліктің заңнаманы қарап шыққанын, мұғалімдерге бес күн жұмыс істеуге еш нәрсе кедергі емес екенін айтты.
«Бірыңғай тәртіп болуы керек»: министр мұғалімдердің жұмыс кестесіне қатысты пікір білдірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық мұғалімдер үшін бес күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Министр елімізде мектептердің бір бөлігі бес күндік оқу аптасына ауысқанын атап өтті. Алайда, оның айтуынша, бұл тұста әлі де шешілмеген мәселелер бар.

«Балалар аптасына бес күн оқыса да, мұғалімдер алтыншы күні де мектепке келуі тиіс. Әрине, кейбір өңірлерде олай емес. Десе де бізде бірыңғай тәртіп болуы керек», - деді ол дәстүрлі тамыз конференциясында.

Аймағамбетов министрліктің заңнаманы қарап шыққанын, мұғалімдерге бес күн жұмыс істеуге еш нәрсе кедергі емес екенін айтты.

«Алтыншы күнді педагогтар өз қалауына қарай өткізуі тиіс. Балалармен уақыт өткізе ме, сабаққа дайындала ма, оны өздері шешеді. Кейде бұл күні педагогикалық кеңес өткізуге де болады және тағысын тағы. Бірақ, ең бастысы, алтыншы күн – мұғалімдердің жеке уақыты болуы тиіс», - деді ол.

Министр бұл тапсырманы білім жүйесі алдына қойып отырғанын қадап айтты.

Айта кетсек, астанадағы Тәуелсіздік сарайында президенттің қатысуымен дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Жиынға республиканың түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық мұғалім келген.

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Сондай-ақ бірқатар педагог президенттің қолынан марапат алды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар