$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда жарты жыл ішінде 20 мың адам өзге елге қоныс аударған

Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 17 пайызға артық.

Біреудің қатесі - біреуге сабақ. Оқыңыз, ой түйіп сабақ алыңыз, оқырман!

Қазақстаннан жарты жылда 20 мың адам көшіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Energyprom зерттеуіне сілтеме жасап.

Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 17 пайызға артық. Азаматтар Қазақстаннан көбіне Ресейге, Германияға және Өзбекстанға жиі қоныс аударады екен.

«2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан келгенге қарағанда әлдеқайда көп адамнан кетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,1 мың адам көшіп кетті - 16,9%-ға артық (17,2 мың адам)», - делінген зерттеуде.

Ал өз кезегінде, биыл Қазақстанға барлығы 5,6 мың адам келіпті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға кем (6,4 мың адам).

Негізінен елді қалалықтар тастап кетеді: 16,8 мың адам. Ауылдық жерден басқа елдерге 3,2 мың адам көшіп келді.

Жалпы, 2018 жылы елден 41,9 мың адам (бір жыл бұрын - 37,7 мың адам) кетіп, 12,7 мың адам (бір жыл бұрын - 15,6 мың адам) келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қазақстан