$ 498.34  519.72  4.85

Атырау облысында душта асылып қалған қыз бен жігіттің денесі табылды

Басылымның мәліметінше, қыз Бейбарыс ауылында, жігіт Талдыкөл ауылында тұрған.

 

Атырау облысындағы Бейбарыс ауылында 12 тамыз күні асылып қалған қыз бен жігіттің денесі табылды деп хабарлайды Ақ Жайық.

Расталмаған деректерге сәйкес, қайтыс болған жігіт - 20 жаста, ал қыз - 18 жаста болған. Марқұмдарды үйдің ауласындағы душтан тауып алғаны айтылуда.

Басылымның мәліметінше, қыз Бейбарыс ауылында, жігіт Талдыкөл ауылында тұрған.

Екі жас бұрыннан таныс екені хабарланды, алайда олардың ара-қатынастары жақын болған-болмағаны белгісіз.

Одан бөлек, бойжеткен қыз биыл медициналық колледжге түскен.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары