$ 494.87  520.65  4.91

Тәуелсіздік күніне қазақстандықтар 2 күн демалады

Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алған күні аптаның сәрсенбісіне келіп тұр. Желтоқсанның 16-17 күндері мемлекеттік мереке болып есептелгендіктен, ел тұрғындары сәрсенбі мен бейсенбі күндері демалады.

Айта кетейік, 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Биыл Қазақстанның егемендік алғанына 24 жыл толып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары