$ 494.87  520.65  4.91

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты өтпек

Ол анасының да сотқа барғысы келетінін, алайда қаржы тапшылығынан мүмкіндігі болмай отырғанын жазды.

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты 3 қыркүйекте өтпек. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіне Айгүл Төребекова жазды. 

 Ол анасының да сотқа барғысы келетінін, алайда қаржы тапшылығынан мүмкіндігі болмай отырғанын жазды.

«Айтпағым – алдағы 3-қыркүйек күні қытай мемлекетінде Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты болмақ…

Бұған дейінгі сотының біріне әрең қатысқан анасы қызының соңғы үкімін өз құлағымен тыңдап, баласын бауырына бір басып, маңдайынан иіскеп қайтуға қол қысқалығынан еш мүмкіндігі болмай тұр…

Бұл отбасына еш туыстық, таныстық қатысым жоқ, бірақ қазақтың бір қара қызы үшін, бейбақ Ана үшін бозторғайдай шырылдап, сіздерге үн қаттым. Иманды, мейірімді жандар қарап қалмас деген үміттемін. Түсіністік танытарсыздар деген ойдамын. Баршаңызға алдын-ала мың алғыс. Алланың нұры жаусын!», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары