Вице-премьер Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында әуе билеттерінің бағасы неліктен қымбат екенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Билеттердің қымбат болуындағы басты мәселе - жүк көтергіштігі мен қазіргі сұранысты қанағаттандыру үшін ұшақтардың жетіспеушілігі", -деді Жеңіс Қасымбек.
Осы мәселені шешу үшін мамыр айында Fly Arystan әуе компаниясы ашылғанын, күніне жасалатын 14 рейсті жыл соңына дейін 28-ге көтеру жоспарланып отырғанын айтты.
Әуе кемелері паркін ұлғайту үшін үкімет "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-мен бірлесіп Air Astana мен Qazaq Air компанияларын қосымша капиталдандырады.
Сонымен қатар, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау аяқталғанын ескере отырып, авиациялық жанармай бағасын төмендету жұмыстары жалғасады.
Сондай-ақ, пойыз билеттерінің жетіспеушілігі мен заңсыз делдалдық әдістердің алдын алу мақсатында билеттерді сатуды цифрландыру жүзеге асырылып, сату тәртібін реттейтін норма енгізілген.