$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Азия елдері қаламгерлерінің І форумын ашты

Бұған дейін Қазақстан президенті «қазақ әдебиеті - халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына» деген болатын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия елдері қаламгерлерінің І форумын ашты. Мемлекет басшысы өз сөзінде Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электрондық кітапханасын құруды ұсынды, деп жазады BAQ.KZ.

«Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электрондық кітапханасын құратын уақыт жетті. Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынаның есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болары сөзсіз. Осындай игі бастамаларды іске асыру жұмысы қаламгерлерімізді біріктіріп, Азия әдебиетін жаңа белеске шығарады деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан президенті «қазақ әдебиеті - халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына» деген болатын. Сондай-ақ, Тоқаев «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары