$ 498.34  519.72  4.85

СІМ Кипрде өзінің 12 жастағы ұлын өлтірген әйелге қатысты түсінік берді

Оның күйеуі баланың денесін тауып алыпты.

Кипрде өзінің 12 жастағы ұлын өлтірген әйел Қазақстан азаматы емес. Бүгін ҚР сыртқы істер министрлігі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап. 

«Кипр билігінің ақпараты бойынша, аталған әйел Қазақстан азаматшасы болып табылмайды. Ол – Ресей азаматшасы», - дейді Смадияров. 

Бұған дейін шетелдік БАҚ-та Кипрде әйелдің 12 жасар ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған еді. Оның күйеуі баланың денесін тауып алыпты. БАҚ-та әйелдің Қазақстан азаматшасы екені және психикалық ауруға шалдыққаны жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Кипр