Жаңалықтар 11.09.2019 сағат 17:10

Мал ұрлағандар 12 жылға сотталуы мүмкін

Оның сөзіне қарағанда, мал ұрлығын бөлек санатқа шығарудың арқасында осы іспетті қылмыстар азаяды.
Мал ұрлағандар 12 жылға сотталуы мүмкін
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бас прокуратура бірқатар қылмыс үшін жазаны күшейтуге арналған заң жобасын әзірледі. Соның ішінде мал ұрлығы да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жаңа заңнама бойынша мал ұрлығын ауыр қылмыстардың санатына жатқызу қарастырылған.

"Мәселен, егер қылмыстық топпен немесе қораға кіріп, ұрлық жасалса, біз оны ауыр қылмыстар санатына жатқызбақпыз. Өйткені бүгінде мал ұрлау кәсіпке айналып кетті. Ол ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалады. Себебі малды шығарып беретін адам болады. Оны тасымалдайтындар, соятындар, базарда сататындар, оған жалған құжат жасап беретіндер бар. Сыбайлас жемқорлыққа жол ашылады. Осыған байланысты біз мал ұрлығын ауыр қылмыстар санатына жатқызғанды жөн көрдік", - деді Ахметжанов астанада өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның сөзіне қарағанда, мал ұрлығын бөлек санатқа шығарудың арқасында осы іспетті қылмыстар азаяды.

Айта кетейік, Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр қылмыстар жасағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар