«Пәкістандықтар да өз ракетасын ұшырды, кім айтты оларда ғылым жоқ деп? Артта қалған-кеткен түгі жоқ. Шах и Мат сендерге»,— деп Мүсілім Ата Тәуелбеков есімді Facebook белсендісі осы әзіл видеоны парақшасына салғанда, көпшілік шын зымыран екен деп қалған.
Бірақ видеоға қарасаңыз, оның ойыншық екенін бірден түсінесіз.
Видеоны қарағандардың пікірлеріне үңілсек, «соның өзінде кузов сияқты сыртқы пішінін кәпірден көшіріпті ғой)) хотя жанып тұрған газда кәпірдің технологиясы», «Протон болып құлайды-ау бір жерге», «Олар папасын да ұшырып жіберген», «Арабтар қайта алда технология, байлық жағынан. Олар ең бірінші боп Әуе жолын салып жатыр--sky way ды..струнная технология», «Сәуленің жылдамдығымен ұшатын сияқты», «Олар сүре, дұғалармен мықтап қаруланған ғой....құдай сақтасын деген зымыран.... Алла Тағала деген атом бомбасы бар...» деп желі қолданушылары жарыса жазып жатыр.