16.09.2019, 22:30

4 адам шіріген картоптан көз жұмды

Алдын ала ақпарат бойынша, азаматтар шіріген картоптың иісінен пайда болған газға уланып қалған.

Ресейдің Челябинск облысында төрт адам шіріген картоптан көз жұмды. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Кусинск ауданындағы Магнитка ауылында көкөніс сақтайтын ауданда төрт адамның мәйіті табылды. Оның ішінде 16 жастағы жасөспірім де бар",- делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша, азаматтар шіріген картоптың иісінен пайда болған газға уланып қалған. Белгілі болғандай, олар қойманы тазартпақ болған.

Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Тегтер: картоп