Қазақстан президентінің жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
"Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын", – делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Айта кетейік, Атамқұлов бұл қызметте Роман Склярды алмастырған.