$ 494.87  520.65  4.91

Ең болмаса Елубаевтың бір жылдық еңбегін төлейік деген бір адам болмады — жазушы

Қазаққа ештеңге бермесе де, 30 миллион долларға түсірілген «Көшпенділер» тағдырын қайталауы мүмкін деп алаңдайды.

Қазақ жазушысы  С.Елубай қолды болған сценарийіне байланысты Мәдениет және спорт министріне ашық хат жолдады

Белгілі жазушы, кинодраматрург Смағұл Елубай «Қасым хан» фильміне арнап жазған сценарийдің қолды болғанын мәлімдеді. Ол екі жыл бойы көз майын таусып жазған еңбегін түрік режиссерлері пайдаланып кетті деп шағымданды. Жазушының айтуынша, 1 сериялы прокаттық көркем фильм сценарийін Түркияда

«Ертұғырыл» туындысын түсірген режиссер Метин Гюнай 75 сериялы фильмге айналдырып, бұрынғы авторды елеусіз қалдырған. Танымал жазушы «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға хат жолдап, фильмнің сценарийін дереу киностудияның Эксперттер Кеңесінің талқысына салуды сұрады.

«Мен, С.Елубаев 2017-18 жылдары Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен қазақтың ұлы ханы Қасым хан туралы материал жинап 1 сериялы прокаттық көркем фильм сценарийін жаздым. Елбасы біз жазған сценарийді қатты ұнатып, сол кездегі министр Арыстанбек Мұхамедиұлына «Ертұғыылды» түсірген түрік режиссері М. Гюнайды шақыруды тапсырды. Гюнай біз жазған сценариймен танысып ұнатты. Бізбен және министрмен кездесуінде бір сериялы прокаттық фильм жасауға келісті. Алайда Гюнайдың Президентпен кездесуі үстінде сериал идеясы пайда болыпты. Бірақ, сериалға бізді шақырмады. Сөйтсек сценарийді Гюнайдың өзі жазуға кіріскен. Қазақстан тарапынан Б. Шекеров шақырылды. Біз сөйтіп бұл жобадан тыс қалдық. «Ең болмаса Елубаевтың бір жылдық еңбегін төлейік!» деген бір адам болмады», делінген ашық хатта.

Жазушы бұл кино саласында астыртын жүргізіліп жатқан құпия, қазақтың тарихына қатысты 75 сериялы фильмнің сценарийін шетелдіктер жазып шықты дегенге сену қиын екенін айтты. Фильмнің жобасы қоғамда талқыланбай, тіптен «Қазақфильмнің» сараптамалық кеңесін де айналып өткен. Қазаққа ештеңге бермесе де, 30 миллион долларға түсірілген «Көшпенділер» тағдырын қайталауы мүмкін деп алаңдайды.

«11 миллиард Қазақтан ақшасына түсіріле бастаған қазақтың ұлы ханы туралы сценарий неге қоғамдық пікірден тасада /келейно/ шешілді? Неге еш жерде талқыланбады? Немесе, кімдер талқылады? Бәрі құпия. Бәрі астыртын. Бұл кино тарихында болмаған практика. Сондықтан мен Қасым хан тағдырына алаңдап Сізге осы хатты жаздым», - дейді С.Елубай.

Оның айтуынша, режиссер Гюнай 75 сериялық сценарий бойынша Қазақстанның оңтүстігінде сериалды түсіруге кірісіп кеткен.

Дереккөз: madeniportal.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары