$ 449.58  486.94  4.86

Атақты блогер тікелей эфир кезінде «тіл тартпай» кетті (ВИДЕО)

Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көлікте болғандардың ешбірі тірі қалмаған.

Пәкістандағы танымал блогер Даниял Хан мен оның үш досы жол апатынан көз жұмды. Сұмдық апат желідегі тікелей эфир кезінде орын алған. Бұл жайлы The News басылымына сілтеме жасап хабарлайды Stan.kz 

Жастар Исламабадта көлікпен қыдырып, желіде тікелей эфир жүргізген. Осы кезде көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, жоғары жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысады. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көлікте болғандардың ешбірі тірі қалмады.
 

Жантүршігерлік апат желідегі тікелей эфирге түсіп қалған. Хан мен оның достары 20-22 жас аралығында болған екен.

Даниял Ханды әлеуметтік желілердің жұлдызы атаған. Оның TikTok желісінде 200 мыңға жуық, ал Instagram-да 40 мыңға жуық жазылушысы болыпты. 
 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары