$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздегі алғашқы порностудия анықталды (ФОТО)

Қырғызстаннан келген бағдарламашы ұсталды.

Алматы полициясы еліміздегі алғашқы порностудияны анықтады. Қаланың Медеу ауданында орналасқан екі жалдамалы элиталы пәтерде порнографиялық материалдар заңсыз дайындалып, таратылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қылмыс орнында виртуалды интимді қызмет көрсеткен қыздар, Қырғызстаннан келген бағдарламашы ұсталды. Сонымен қатар тінту барысында процессорлар мен порнографиялық материал түсіруге қажетті заттар табылды. 

«Мұндай «студиялардың» жұмысы техникалық қамтамасыз етілуінен бастап, қыздардың үш ауысыммен жұмыс істеуіне дейін реттелген. Бұл «асүйдің» қызметін айрықша ететін басты белгі – интим қызметтердің виртуалды түрде көрсетілуі. Қыздар интернеттің көмегімен веб-камера арқылы АҚШ және Еуропаның шетелдік сайттарында тәнін көрсетіп, сол үшін ақша алған. Клиенттер «көңіл көтерудің» мұндай түрі үшін біздің мемлекетімізден тыс сервер арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жүргізген», - дейді полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Меңдібаев.

Меңдібаевтың сөзінше, порностудиядағылар «веб-модельдерді» жұмысқа қабылдау туралы жарнамалар арқылы тартып отырған.

«Мұндай жарнамаларда модельдік сырт келбетке ие қыздардың жұмысқа қабылданатыны, жоғары жалақы төленетіні көрсетілген. Алайда, әдеттегідей, уәде етілген мың долларлық жалақыны ешкім алмады», - дейді ПД басшысының орынбасары.

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. 

Ұсталған тұлғалардың барлығынан процессуалдық тәртіпте жауап алынады. Оларға жауаптылық дәрежесі бойынша қылмыстық заңнамаға сәйкес шара қолданылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары