$ 443.35  475.54  4.82

Мехикода америкалық әткеншек құлап, 2 адам қаза тапты

Жергілікті прокуратураның хабарлауынша, алты адамға психологиялық көмек көрсетілген.

Әткеншек жоғары жылдамдықпен келіп, рельстен шыққан және 10 метрлік биіктіктен құлаған. Бұл туралы жексенбі күні Milenio хабарлады.

Оқыс оқиға Мексиканың астанасы Мехико қаласындағы Химера  деп аталатын аттракционда болған. Екі адам: әйел мен еркек қаза тауып, екі адам (екі әйел) жарақат алған. 

Жергілікті прокуратураның хабарлауынша, алты адамға психологиялық көмек көрсетілген. Құқыққорғау органдары болған жағдайға байланысты тергеуді бастады. Қазір аттракциондар саябағы жабық.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Мехико