$ 443.85  474.3  4.8

Кореяда алапат дауыл боп, адам қаза тапты

Дүлей желмен бірге жаңбыр құйып, көп елді-мекенді су басқан.

Кореяда алапат дауылдан 6 адам қаза тауып, тағы бірнеше тұрғын жоғалып кетті, деп жазады 24.kz.

Дүлей желмен бірге жаңбыр құйып, көп елді-мекенді су басқан. Табиғат апаты кезінде жүздеген үй мен ғимарaт бүлініп, мыңдаған тұрғын электр энергиясынан ажырап қалды. Митаг дауылынан Жапонияда да жауын селдетіп, билік Сикоку аралының тұрғындарына қауіпсіз жерге көшуге кеңес беруде. Су тасқыны мен лай көшкіні қауіпіне байланысты көптеген мектеп жабылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Корея