04.10.2019, 04:31

4 қазан күні еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: ҚазАқпарат
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

4 қазан күні Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 4 қазанда еліміздің Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Өскемен және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа шаһарларында метеожағдай ойдағыдай болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Тегтер: ауа сапасы