$ 444.32  473.33  4.76

Атырау қаласының 379 жылдығына орай «скейт парк» ашылды

Парк аумағында, сонымен қатар, сырғанауға арналған құралдар сатылатын болады.

Атырау қаласының 379 жылдығына орай «Ретро саябақ» маңынан көлемі 1600 шаршы метр «Скейт парк» ашылды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Елбасы өзінің Рухани Жаңғыру мақаласындағы Туған жерге тағзым бағдарламасында кәсіпкерлерді, өңір азаматтарын өзінің өскен өлкесінің жанашыры болуға, оны дамытуға атсалысуға шақырған болатын.

Бүгін міне Ерлан Табылдиев бастаған "ГазСтройМонтаж" серіктестігі қала күнінде тұрғындарға, жастарға сый жасады.

Жаңа Скейт парк өңірде бұқаралық спортты дамытуға сүбелі үлес қосады деген сенімдемін. 
Жастардың уақытын тиімді әрі салауатты өткізуге арналған спорттық нысандар мен қоса алаңдарды салуды біз одан әрі жалғастыратын боламыз», - деп атап өтті қала әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы.

Жаңа нысанның жалпы көлемі: 1600 шаршы метр, төрт бөліктен тұрады: сырғанау, кроссфитпен шұғылдану, стрибол алаңы және қоғамдық тамақтану орны. Парк аумағында, сонымен қатар, сырғанауға арналған құралдар сатылатын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#спорт