$ 444.32  473.33  4.76

Оралда 21 жастағы қыз 7-қабаттан секіріп кетті

1998 жылғы қыз 7-қабат балконынан секіріп кетті.

Оралда 21 жастағы қыз жетінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңда орын алды. 

1998 жылғы қыз 7-қабат балконынан секіріп кетті. 

Қыздың қайтыс болу оқиғасы бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Захаров көшесіндегі үйге жедел жәрдем сағат 06.32-де шақырылды. Бригада бес минуттан кейін жетті. 

Бас пен мидың ашық жарақатын алған қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жас мұғалімнің асулы күйінде табылғанын, Оралда төртінші қабаттағы терезеден 6 жасар қыздың құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал