Павлодар облысындағы зауытта жұмысшының аяғын ауыр қақпақ басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«05:30-да акционерлік қоғамға тиесілі цехтардың бірінде шатырды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда, 1995 жылы туған бригадирдің аяғын су кететін кәріздің қақпағы басып қалды», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті. Полицейлердің айтуынша, оқыс оқиға Ақсу ферроқорытпа зауытында болған. «Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді», - дейді полицейлер.