Жаңалықтар 10.10.2019 сағат 11:15

Талдықорған маңындағы кәсіпорында жергілікті жұмысшылар қытайлықтарды соққыға жықты (ВИДЕО)

33 шетелдік жұмысшыны тексеру кезінде көші-қон заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталды.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Талдықорған маңындағы кәсіпорында жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 8 қазан күні тарала бастаған еді. Citic Construction ЖШС-нің жұмысшылары бұқаралық ақпарат өкілдеріне видеоүндеу жариялады.

Кәсіпорын "Алматы - Өскемен" автокөлік жолы учаскесінің құрылысымен айналысады. Жұмысшылар Қытайдың үш азаматы этникалық қазақты соққыға жыққанын айтқан. Видеоүндеуде жұмысшылар шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарға тең еңбек жағдайы жасалмағанын алға тартқан.

Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің басшысы бастаған топ жетті. Тәртіп сақшылары тараптармен кездесіп, қажетті тексеріс жүргізді.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Citic Construction-ның төрт қызметкері (бәрі Қытай азаматы) арасындағы жанжал жұмысқа байланысты туындаған. Олардың бірі – этникалық қазақ жеңіл дене жарақатын алды.

Кінәлілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы ("денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Ведомстводағылар жергілікті тұрғындар оқиғаның байыбына бармай, келесі күні өндіріс нысанындағы шетелдіктерді соққыға жыққанын айтты. Қытайдың төрт азаматы ауруханаға жеткізілді.

"Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 293-баптың 3-бөлігі ("Бұзақылық") , 107-баптың 2-бөлігі("денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру")  және 106-бабы 2-бөлігі ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер анықталып, ұсталды", - деді Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, 33 шетелдік жұмысшыны тексеру кезінде көші-қон заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталды. Олар жауапқа тартылды. Шетелдіктерді депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.

Полиция Алматы және Алматы облысында тіркелген бірқатар заңды тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы ("заңсыз көші-қон ұйымдастыру")сотқа дейінгі тексеріс басталғанын хабарлады. Оқиғаны ішкі істер министрі өз бақылауына алды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар