$ 498.34  519.72  4.85

Күйеуін пышақтаған жүкті әйелдің қылмысын ит әшкереледі

Төрт аяқты полиция көмекшісі Альдо қылмыс орнынан күдіктінің иісін сезіп, ізімен шығады.
фото: pavlodarnews.kz
фото: pavlodarnews.kz

Тергеу кезінде белгілі болғандай, 28 жастағы ауыл тұрғыны азаматтық некеде тұрған жұбайын пышақтаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Тереңкөл ауылында жұмыссыз әйел өзінің құрбысымен ішімдік ішкен.

 «Үй иесі осы уақытта ұйықтап қалған. Оянған соң 28 жастағы ер адам құрбысының отырғанына наразылық білдірген. Оның үстіне, әйелі жүкті болған. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, әйел үстелден ас пышағын алып, ер адамның кеудесіне сұғып алған. Кейін өз іс-әрекетінен қорқып, үйден қашып кеткен. Құрбысы жедел жәрдем шақырған. Бірақ, ер адам көмек келгенше көз жұмды, - деді ПД баспасөз қызметінде. 

Оқиға орнына шыққан арнайы топтың құрамында қызметтік ит болған. Төрт аяқты полиция көмекшісі Альдо қылмыс орнынан күдіктінің иісін сезіп, ізімен шығады.

 «Альдо полицейлерді әйел жасырынып жатқан жерге қатесіз әкелді, - деді департаментте.

 Ауыр қылмыс жасаған күдікті төрт аяқты полисменнің өткір иіс сезуінің арқасында ізін суытпай ұсталды. 

Айта кетейік, аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары