15.10.2019, 05:22

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру тәртібі өзгерді

Фото: TWESKO
Ендігі жерде, кесенеге кіру билеттерін сайт арқылы (pay.azretsultan.kz) сатып алуға және терминалдар аркылы қол жеткізуге болады.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кірудің жаңа жүйесі енгізілді. Бүгін бұл жаңашылдықты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев сынақтан өткізіп көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атап айтқанда кесенеге келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт 

арқылы онлайн сатып алу және терминалдар аркылы билеттер алу мүмкіншілігі жасалып отыр. 

Сондай-ақ, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйемен алғашқылардың бірі болып танысқан аймақ басшысы оның өте ыңғайлы екенін атап өтті. Айта кетейік, туристер үшін жасалған жаңа мүмкіндік «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып жүзеге асып отыр. 

Ендігі жерде, кесенеге кіру билеттерін сайт арқылы (pay.azretsultan.kz) сатып алуға және терминалдар аркылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, турист билеттерді туриникеттерге QR-кодын скан жасап кіре алады. 

Ал, келушілердің санын бақылау бойынша толық сараптама жүргізу үшін арнайы камералар орнатылды. Мұның барлығы келген саяхатшылардың санағын жүргізуге, олардың туристік нысандард көрудегі эмоциясын бақылауға мүмкіндік бермек.