Нумеролог мамандар ерлі-зайыптылардың некесі берік болу үшін отбасын құруға қолайлы жастардың болатынын атап өтті деп хабарлайды Сырласу басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Нумерологтың айтуынша, 5 және 7 сандарына аяқталатын барлық жастар (мысалы, 25, 37 және т.б.) некеге тұруға және отбасын құруға қолайлы болып келеді.
Сондай-ақ, отбасын құруға ең оңтайлы кезең – 20 және 29 жас аралығы. 26 жасты қоспаймыз. Себебі бұл жаста жұптар арасындағы және отбасындағы қарым-қатынас ең алдыңғы қатарға шығады. Соның ішінде 23, 24, 25, 27 және 29 жас шамасы некеге тұруға ең қолайлы уақыт.