17.10.2019, 11:00

Нұр-Сұлтанда белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бүгін таңертең елордада Тұран даңғылының бойында 56 жастағы әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қазан күні таңертеңгі сағат 07:05-те Нұр-Сұлтан қалалық ПД Жедел басқару орталығының видео бақылау операторы «Хан Шатыр« сауда ойын-сауық орталығына қарама-қарсы Тұран даңғылы бойында жол-көлік апатын анықтады. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оқиға салдарынан жарақат алған 56 жастағы әйел сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп мәлім етті Нүр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.