$ 494.87  520.65  4.91

Оралдық полицейлер қарудан оқ атып, ұрысқа дайындалып жатыр

Оқу жиыны барысында олар өзін-өзі қорғау, қылмыскерлерді ұстау мен қаруды дұрыс қолдануға байланысты тактикалық білімдерін жетілдірді.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Оралда полиция қызметкерлерінің ұрыстық дайындығын пысықтауға арналған оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Арнайы жасақталған оқу бағдарламасы бойынша 746 қызметкердің дене дайындығы мен медициналық, жауынгерлік және атыс дайындығының деңгейі тексерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Полиция басқармалары мен бөлімдері басшыларының орынбасарлары тапанша мен автоматтан нысана көздеді. Оқу жиыны барысында олар өзін-өзі қорғау, қылмыскерлерді ұстау мен қаруды дұрыс қолдануға байланысты тактикалық білімдерін жетілдірді.

Айта кету керек, полицияның күнделікті қызметі қауіп-қатерге толы. Мәселен, биыл Қазталов ауданында полиция қызметкерінің тәртіпке бас имеген күдіктінің әрекетіне орай қаруға жүгінуіне тура келген.

«Бұл қару қолдану оқиғасы полиция қызметкері тарапынан заңды деп табылды. Осы оқу жиынында да біз ең алдымен қызметкерлерге қаруды дұрыс қолдана білуді үйретеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесіз емес. Мысалы, біздің бөлімше құрылған соңғы 3 жылда қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі мен қаруды дұрыс қолдану ережесін бұзудың бірде-бір дерегі тіркелген емес», - дейді ПД арнайы және мобилизациялық дайындау басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Құспанов.

Ал ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары Нұрбол Меңдіхановтың айтуынша, атудың 3 тәсілі бар. Осы тәсілдерді оларға арнайы дайындау басқармасының қызметкерлері үйретуде. 

«Дайындықтарымыз жақсы, әрбір атқан сайын белгіленген межеге тигізіп жатырмыз», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары