$ 446.49  475.38  4.79

Еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Тараз, Нұр-Сұлтан, Өскеменде метеожағдай ойдағыдай болады.

22 қазан күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 22 қазанда еліміздің Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. 

Синоптикердің мәліметінше, Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Тараз, Нұр-Сұлтан, Өскеменде метеожағдай ойдағыдай болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы