Әлеумет 23.10.2019 сағат 10:15

«Әскерилерге арналған ипотека» іске қосылды: үй алу үшін қандай құжаттар талап етіледі?

«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 11%, бастапқы жарнасы 20%-дан бастап және кредиттеу мерзімі 15 жылдан аспайды.
«Әскерилерге арналған ипотека» іске қосылды: үй алу үшін қандай құжаттар талап етіледі?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның 3 банкі – «ЦентрКредит», «Сбербанк» және «Halyk банк» қолданыстағы «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған жобасын іске қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Әскерилерге арналған ипотека» екінші деңгейлі банктер іске асырып жатқан тұрғын үй бағдарламаларының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге оң ықпал етеді деп күтілуде. 

Әскерилер үшін «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады. Бірақ әскерилер мен арнайы органдар қызметкерлерінің ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін және жалақыларын ескере отырып, олардың банк тарапынан мақұлдау алу мүмкіндігі артып отыр.

Оларға ипотекалық қарыз алу үшін мынадай негізгі талаптар қойылады:

уәкілетті органдар тарапынан әскери қызметшінің тұрғын үйге мұқтаж деп танылуы; 
үш банктің («Halyk банк», «ЦентрКредит банкі» және «Сбербанк») кез келген біреуінде тұрғын үй төлемдерін есепке алу үшін арнайы ағымдағы шот  ашу;
ипотекалық бағдарламалар аясында банктер талап ететін басқа да құжаттардың болуы. 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 7%, бастапқы жарнасы 20%-дан бастап екенін және кредиттеу мерзімі 25 жылдан аспайтынын еске саламыз. Осы бағдарлама бойынша пәтерлер бастапқы тұрғын үй нарығында ғана пайдалануға берілген үйлерден сатып алынады.

«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша кредиттеу мөлшерлемесі жылдық 11%, бастапқы жарнасы 20%-дан бастап және кредиттеу мерзімі 15 жылдан аспайды. «Баспана Хит» бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да сатып алуға болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар