$ 494.87  520.65  4.91

16 жыл бұрын америкалық отбасы асырап алған қазақстандық бозбала көз жұмды

Бозбала 1 қыркүйекте өмірден өткен.

АҚШ-тың Массачусетс штат Уэст-Тисбери қаласында 17 жастағы Дэвин Айсулу Такэбери көз жұмды, деп хабарлайды The Martha’s Vineyard Times. 

Бозбала 1 қыркүйекте өмірден өткен. Алайда оның жеке тұлғасы енді ғана анықталыпты. Өлімнің себебі туралы ақпарат жоқ. 

Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанайда туған. Бір жас екі ай толғанда америкалық отбасы - Уэйн және Кэтлин Тэкабери асырап алған. 

Ол орта мектептің 12-сыныбында оқып жүрген. Қазақстан тумасы Солтүстік Америкадағы қазақ диаспорасымен байланыста болған. Достары көп болған. 

Дэвин гимнастикаға және би өнеріне, сондай-ақ сурет салу мен фото түсіруге әуес болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары