$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Кәріпбек Күйіков картиналарының көрмесі ашылды

Ядролық қаруға қарсы Халықаралық қозғалыс белсендісі, суретші Кәріпбек Күйіковтің туындыларының көрмесінің ашылуына қатысқан қала басшысы Бақытжан Сағынтаев тумысынан мүмкіндігі шектеулі суретші Кәріпбек Күйіковтың өмірге деген құштарлығына тәнті болғанын айтып, осындай азаматтардың туындыларын ел-халыққа көбірек дәріптеу керектігін сөз етті.

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгілі суретші, «Семей-Невада» қозғалысының күрескері Кәріпбек Күйіков картиналарының көрмесі ашылды. Шараның ашылуына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі көрме Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Ядролық қаруға қарсы Халықаралық қозғалыс белсендісі, суретші Кәріпбек Күйіковтің туындыларының көрмесінің ашылуына қатысқан қала басшысы Бақытжан Сағынтаев тумысынан мүмкіндігі шектеулі суретші Кәріпбек Күйіковтың өмірге деген құштарлығына тәнті болғанын айтып, осындай азаматтардың туындыларын ел-халыққа көбірек дәріптеу керектігін сөз етті.

«Мен Кәріпбек Күйіковтің жігерлігіне таң қалдым. Осындай тұлғалар көп болуы керек. Мына жерде ілінген туындылардан осы кісінің жан дүниесін тануға болады. Суретті тіспен салу - кез келген адамның қолынан келе бермейді.

Кәріпбек Күйіков мақсатыңа жету үшін қиындыққа мойымау керек дегенді түсіндіреді. Сондықтан, өсіп келе жатқан жас буын осындай тұлғалардан үлгі алуы қажет. Сондықтан қаланың оқушыларымен көбірек кездесулер ұйымдастырған жөн», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы.

Айта кетейік, суретші Кәріпбек Күйіков туғанынан қос қолы жоқ. 1968 жылы Семей ядролық полигонынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Егіндібұлақ селосында дүниеге келген ол, өмірге деген құлшынысын бір сәтке де жоғалтпаған. Автордың негізгі мамандығы есепші. Алайда, жаны шығармашылыққа жақын болғандықтан, құнды дүниелерді сала бастаған.

«Бүгін менің арманым орындалды десем де қате айтпаған болар ем. Себебі, Қастеев музейіне суретің ілініу, кез келген қыл қалам шеберінің арманы.

Мұндағы туындылар – менің жүрегімнен шыққан суреттер. Ішкі дүниемді осы портреттер арқылы түсінуге болады. Көрменің ашылуына келген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мырзаға үлкен алғыс айтамын. Шығармашылығымның еленіп жатқаны маған күш-қуат береді», – деді суретші Кәріпбек Күйіков.

Кәріпбек Күйіков – «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі. Сонымен қатар, АТОМ жобасының Құрметті Елшісі ретінде конференциялар мен түрлі шараларда БҰҰ және Құрама Штаттар Конгресі өкілдері алдында ядролық қаруға қарсы сөз сөйлейтін спикер.

Айта кетейік, 2017 жылы суретші, АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков пен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына қатар ұсынылған.

Оның туындылары Түркияда, Жапонияда, АҚШ-та, Германияда, тағы да басқа шет мемлекеттердің көрмесіне қойылды. Ал суретшінің «Жарылыс» атты туындысын Елбасы АҚШ президенті Барак Обамаға табыстаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары