$ 494.87  520.65  4.91

Қала әкімінің бастамасын мектеп оқушылары жалғады

Алматыда «Jasyl Almaty» кең ауқымды акциясы аясында осы күнге дейін 4000-ға жуық ағаш отырғызылған.
Фото: almaty-akshamy
Фото: almaty-akshamy

Алматыда «Рухани жаңғыру» және «Жастар жылы» аясында «Жасыл Алматы» кең ауқымды акциясы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда «Jasyl Almaty» кең ауқымды акциясы аясында осы күнге дейін 4000-ға жуық ағаш отырғызылған.

Қаланы көркейтуге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзі мұрындық болып, Көктөбе мен мектеп ауласына сиверс алмасы, сән ағашы және қызғалдақтар егілді.

Осыған дейін «Jasyl Almaty» жобасының аясында қала әкімінің тапсырмасымен үш жылда қаламызда миллион ағаш егілуі керек делінген еді. Жоба қолдаушыларымен бірге өткен демалыста қала әкімі Бақытжан Сағынтаев 600-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызды. Шараға қатысқан мектеп оқушылары осындай бастамаға алғыстарын айтып, өз қызығушылықтарын білдірді.

«Бүгін мектебімізде ағаш көшеттері отырғызылып жатыр. Бұдан былай ол ағаштарды бағып-қағуға ант етеміз. Себебі, табиғат – баршамыздың ортақ үйіміз», – деді оқушы Нұрлайым Құдайбергенқызы.

«Ағаш еккен кезде ауаны тазартып, табиғатты көркемдейді. Тек мектеп ауласын ғана емес қаланы да көркейтетін нәрсе», – деді оқушы Алдияр Асқарұлы.

Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» және «Жастар жылы» аясында қалалық әкімдіктің мұрындық болуымен өткізіліп отырған шара барысында қаланың 110 мектебінде мектеп оқушылары және олардың ата-аналары, қала тұрғындары қоршаған ортаны көркейтуге бір кісідей ат салысты.

«Жасыл қала» акциясын қолдаймыз. Ата-бабамыз «Ұрпақ өсір, үй соқ, ағаш ек» деген. Көліктен шыққан газ, ластанған ауаны осы ағаштар жұтады ғой. Көктемде қазақша сән ағаш қазір егіп жатқанымыз. Көктемде гүлдейді.Керемет иіс шығарады. Балаларға көлеңке. Жасыл желектің өсіп тұрғаны тамаша ғой», – деді Айгүл Мұқанқызы.

«Міне, бүгін ауданымызда жасылдандыру жүріп жатыр. Ол өзіміздің ауданымыздың табиғатын түзету. Жастардың бәрін тартып, тұрғындар атсалысып көркейтіп жатырмыз», – деді Айбек Алиханұлы.

Айта кетейік, акция аясында Алматы мектептерінде төрт мыңнан астам көшет отырғызылды.

Бұған дейін Мохнатка тауының баурайында 50 мың Шренк шыршасының көшеттері отырғызылған болатын.

Мамандардың айтуынша, Алматыда 2 миллионға жуық ағаш болса, оның 550 мыңға жуығы құрып кетудің аз алдында тұр.

Ал «Jasyl Almaty» жобасының мақсаты - осы ағаштардың орнын толтыру. Шара әліде жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары