$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында әйел көңілдесін оқтаумен ұрып өлтірді

Әйел полицияға көңілдесі қайтыс болғанын айтып, өзі жүгінген. Оқиға бүгін түске дейін Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылында болған.
Фото: ru.sputnik.kg
Фото: ru.sputnik.kg

Алматы облысының тұрғыны өзімен бірге тұратын адамды оқтаумен ұрып өлтірген. Ер адамды өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынған, – деп хабарлайды Skifnews ақпарат порталы kaz.nur.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Әйел полицияға көңілдесі қайтыс болғанын айтып, өзі жүгінген. Оқиға бүгін түске дейін Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылында болған.

Қоңырау бойынша келген полиция 1952 туған ер адамның мәйітін қарап, одан қанды ісік пен жарақаттар тапқан.

Оқиға орнынан қылмыс құралы болуы мүмкін деп танылған оқтау табылды. Әйелді полиция бөлімшесіне жеткізіп, ол сол жерде түсінік берген.

Ауыл тұрғыны қылмыс орын алған үйдің иесі болып шыққан. Ол мас болып келген ер адамды қолымен және оқтаумен ұрғанын айтты.

Әйелге қатысты ҚР ҚК 99 (Кісі өлтіру) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны қамауға алған. Іске қатысты қажетті сараптама жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары