05.11.2019, 06:05

5 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады

Қызылорда, Түркістан облыстарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел болжанады.

5 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Бұл, Оңтүстік Каспий циклонымен және атмосфералық фронттармен байланысты. Осыған орай, жекелеген өңірлерде жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыста түнде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді. 

Қызылорда, Түркістан облыстарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел болжанады. 

Жамбыл, Алматы облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау, Атырау, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. 

Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с артады.