$ 448.15  483.46  4.86

24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел, республиканың жекелеген аймақтарында қатты жел күтіледі. 

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола облысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман,көктайғақ бақыланады. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 17-22, түнде екпіні 30 м/с-тан жоғары болуы күтіледі, кей жерлерінде бұрқасын, тұман көктайғақ бақыланады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, күндіз кейбір жерлерінде тұман болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан ооблыстарыда жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланады, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының  кей жерлерінде бұрқасын бақыланады, желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетіп, тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде 23-28, екпіні 30 м/с күшеюі күтіледі.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары