$ 494.87  520.65  4.91

Көлігіне жалған номер таққан ҰҚК қызметкері туралы полиция мәлімдеме жасады

Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының өкілдері қызметтік көлігіне жалған мемлекеттік номер тағып, жол-патрульдік полиция қызметкеріне ұсталған ҰҚК қызметкеріне байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейлердің айтуынша, әлеуметтік желі арқылы бүкіл қазақстандықтар көрген осынау фотосурет қолдан жасалмаған. Яғни, тәртіп сақшысы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі көліктің жалған номермен жүргенін әшкерелеген.

"Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері заң аясында әрекет еткен. Фотосуретте көрсетілген автокөлік расымен де Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі. Мұны жүргізушінің құжаттары да растап отыр" делінген полиция таратқан хабарламада.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Астана көшелерінің бірінде жол-патрульдік полицейінің жалған номер таққан ҰҚК автокөлігін әшкерелеп тұрған суреті әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке тез тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары