Бүгін Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел, республиканың жекелеген аймақтарында қатты жел күтіледі.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола облысында түнде жел 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 17-22, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады. Алматы облысының Жалаңашкөл маңында жел 20-25, екпіні 28 м/с, кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасынмен қатар жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ болады. Қарағанды облысында бұрқасын, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады.