Батыстың технологиялық санкциялары ЛУКОЙЛ, "Газпром" және "Қазмұнайгаздың" Каспийдегі Орталық кенішіндегі жұмысын тоқтатты, компанияларға санкцияларды алып тастауды немесе бұрғылау қондырғысын босатуды күту керек деп хабарлайды РИА Новости.
"Орталық кеніші. Біз бүгінгі таңда бұрғылау қондырғысын ала алмай отырмыз, өйткені ол ресейлік емес компанияларға тиесілі. Бір скважина үшін құрылғы салу ойға қонымсыз, сондықтан біз "Газпроммен" үзіліс жасадық, бұрғылау қондырғылары босағанша немесе санкцияларды алып тастағанша күтеміз", — деді басшы компания жобаларына Батыстың технологиялық санкцияларының ықпалы туралы сауалға жауап берген Вагит Алекперов "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатында.