$ 494.87  520.65  4.91

Полицейлер дағдарыс кезінде алаяқтардың көбейгенін айтып отыр

Оңтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдары елімізде алаяқтық оқиғаларының жиі белең алып, мұндай деректер осы өңірде де көбейіп жатқанын хабарлады.

Бүгін осы мәселе төңірінде ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ОҚО Прокуратурасының басқарма бастығы Б.Бердібеков пен ОҚО ІІД басқарма бастығы Н.Дауылбаев мәлімдеме жасап, оңтүстікқазақстандықтарды келеңсіз жағдайлардан сақ болуға шақырды.

Айтуларынша, жыл басынан бері 5208 алаяқтық қылмысы тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға өскен. Бүгінде оның 1720 ісі сотқа жолданса, 862-сі ауыр санатқа жататын алаяқтық қылмыстары болып табылады.

Осы бағыттағы қылмыстарды болдырмау және оның алдын алу шаралары бойынша ОҚО ІІД-нен арнайы жедел топ құрылып, жұмыс істелуде.

Б.Бердібековтің мәліметінше, алаяқтар әңгімеге тарту, сенімге кіру, немесе, аяушылық таныту арқылы өзіне баурап алу секілді коммуникативті қасиеттерге ие. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін прокуратура өкілдерімен БАҚ өкілдері арқылы 100-ден астам құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

ОҚО ІІД басқарма бастығы алаяқтық қылмыстардың көбінесе, мемлекеттік бағдарламалар аясында пәтер алып беремін деп қаражатын иемдену, ақшаны қарызға беру деректері бойынша орын алатынын айтты. Сондай-ақ, азаматтардың компанияға мүше ретінде тіркеліп, артынан адам тіркету арқылы қаржылық пирамида құрып, алаяқтардың қармағына түсіп қалатын жағдайлар кездескен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары