$ 494.87  520.65  4.91

ШҰҒЫЛ: Сауд Арабиясында экстремистік көзқарастағы Қазақстан азаматтары ұсталды

Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері Қазақстанның бес азаматын ұстады деп хабарлайды РИА Новости "Әл-Жазира" телеарнасына сілтеме жасап. Күдіктілер лаңкестік ұйымдардың қатарына қосылмақ болған.

Басылымның хабарлауынша, күдікті қазақстандықтар құқық қорғаушыларға еш күш көрсетпестен беріле салған. Айта кету керек, бұл Сауд Арабиясында лаңкестік күдігімен ұсталған алғашқы Қазақстан азаматтары.

Жалпы, соңғы екі аптада саудиялық полицейлер терроризм күдігімен 75 адамды ұстаған. Олар елдегі лаңкестік ұйымдардың қатарын толтырмақ болған. Ұсталғандардың жартысынан көбі ел тұрғындары. Ал, қалғандары СИрия, Пәкістан, Үндістан, Йемен, Египет, Палестина, Иордания, БАӘ және АҚШ азаматтары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары