$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін еліміздің басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және жел 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола,  Атырау облыстарында жел 15-22, екпіні 23-28 м/с күшейіп, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында желдің күшеюі түнде кей жерлерде, күндіз көп бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с, бұрқасын, күндіз кей жерлерде қатты бұрқасын, жекелеген аудандарында көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысында жел 15-20,  кей жерлерде 23-28 м/с, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысында жел 15-20,  екпіні 25 м/с, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ,  жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  жел 15-20, екпіні 25 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, түнде кей жерлерінде, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 18-23 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с бұрқасынмен күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысында кей жерлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл маңында жел 20-25 м/с, түнде кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары