Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан ұлттық мәліметтер орталығына сілтеме жасап. Жерасты дүмпуі 28 желтоқсан күні 00:39-да орын алған.
Жер сілкінісінің эпицентрі Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 205 шақырымда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 807 шақырым жерде орналасқан. Оның энергетикалық класы К11.6.
Ал, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары болса жерасты дүмпуінің қуаты 4,8 балл болғанын айтып отыр. Эпицентрі 15 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпуі Өскеменде 2 балл, Зайсаңда 2-3 балл шамасында сезілген.
Естеріңізге салайық, осыдан екі күн бұрын, яғни 26 желтоқсанда Шымкент пен Тараз қалаларында да жер сілкінісі орын алған болатын. Оның эпицентріндегі (Ауғанстанда) қуаты 7,1 балл, қазақстандық қалалардағы әсері 3 балды құраған еді.