Жаңалықтар 28.12.2015 сағат 04:37

Қызылордалық ұрылар Астанадағы 10 коттеджді тонаған

Қызылорда облысынан Астанаға келген ұрылар тобы елордадағы 10 коттеджді тонаған деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары күдіктілерді 25 желтоқсан күні қолға түсірді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Криминалды полиция қызметкерлерінің айтуынша, Аралдан келген үш тұрғын Астанадағы зәулім үйлерге түсіп, бағалы заттарды ұрлаумен айналысып келген. Олар 26-28 жас аралығындағы ер азаматтар. Ұрылар үйде ешкім жоғын алдын ала біліп, ғимаратқа терезе арқылы кіріп отырған. Ұсталғандардың ақша мен зергерлік бұйымдарды және қымбат киімдерді қолды қылғаны белгілі болып отыр.

Күдіктілердің жалдамалы пәтерін тексерген полицейлер 30 мың АҚШ долларын, 9 мың еуро, 324 дана алтын бұйымдарын, бірнеше бағалы аң терісінен тігілген тон мен бас киімдер, екі травматикалық тапанша тәркіледі. Ал, олар мінген Toyota Camry автокөлігінен есік пен терезені бұзып ашуға арналған құралдар табылды.

Ұсталғандар қазіргі таңда уақытша қамау абақтысына жабылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы "ұрлық" бойынша іс қозғалды. Әзірге күдіктілердің 10 коттеджге түскені белгілі. Олар үй иелеріне барлығы 20 миллион теңгедей шығын келтірген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар