$ 439.43  473.31  4.82

Аяз Атаның атына қазақстандық балалардан 3 752 хат келіп түскен

«Қазпочта» АҚ «Аяз Атаға хат» науқаны бойынша хат қабылдаудың аяқталғанын хабарлады. Осы жылы кез-келген тұрғын науқанға қатысып, балалардың тілектерін орындай алаынын айта кетейік. Хаттардың бір бөлігі post.kz сайтының бетінде жарияланған.

Серіктестерден тұратын комиссия хаттарды өңдеп, сыйлықтар мен Аяз Атаның құттықтау хаты еліміздің өңірлеріне жіберілді. Сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар болып киінген компания қызметкерлері, серіктестер және БАҚ өкілдері тапсырады.

«Биылғы жылы біз балалардан рекордты хат санын қабылдадық, яғни 3752 хат келіп түсті. Сыйлықтардың көбі Жаңа жылға дейін таратылады, қалғандарын 13 желтоқса - Ескі Жаңа жылға дейін сыйлаймыз. Өкінішке қарай, хаттардың 257-сі мекенжайсыз жазылып, жауапсыз қалатын болады» - дейді «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары