$ 494.87  520.65  4.91

«Тежеуге болмайды»: Ішкі істер министрлігі үндеу жасады

Қауіпті маневр жасауға және шұғыл тежеуге болмайды. Көктайғақ жағдайында бұл көлікті басқару мүмкіндігін жоғалтуға және жол апатына әкеп соғуы мүмкін.
фото: Elorda.info.kz
фото: Elorda.info.kz

Жол апаты салдарынан 39 адам қаза тауып, 289 адам жарақат алғаны Ішкі істер министрлігінің алаңдаушылығын тудырып отыр, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Апаттың негізгі себебі жол қозғалысына қатысушылардың жол тәртібін сақтамауы болып отыр. Қайғылы оқиғаға көбінесе жылдамдықтың артуы, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау және оларды елемеу әкеп соққан, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ауа-райының нашарлауына байланысты ішкі істер минитрлігі тұрғындарды қарапайым, бірақ, өте маңызды ережелерді ескертеді. Оларды сақтау күтпеген жерден орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Қыстың басталуына байланысты:
- қысқы немесе тікенекті шиналар орнату;
- автомобильді жылыту және әйнектердің жылу үрлеу жүйесін тексеру;
- суыту жүйесіндегі сұйықтықтың минус температурасы кезінде пайдалануға жарамдылығы мен жай-күйін тексеру;
- дизель қозғалтқыштары бар көлік құралдары үшін қысқы дизель отынын пайдалану.

Қысқы жолда автомобильдің тежегіш қашықтығы айтарлықтай ұлғаятынын есте сақтау қажет. Сондықтан кенеттен қауіп туындаған жағдайда жүргізушінің жылдамдықты уақытында төмендетуге, көлік құралын толық тоқтатуға мүмкіндігі болуы тиіс. 

Қауіпті маневр жасауға және шұғыл тежеуге болмайды - көктайғақ жағдайында бұл көлікті басқару мүмкіндігін жоғалтуға және жол апатына әкеп соғуы мүмкін.

Жаяу жүргіншілер де өте мұқият болуы керек. Жолды тек белгіленген орындарда өту қажет. Сонымен қатар көлік жүргізушілерінің оларды байқағанына және жылдамдықты төмендетіп, тоқтауға мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізу маңызды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қыс #ІІМ