$ 494.87  520.65  4.91

Тұрғынды сабаған: Ақтөбеде 10 полицей жұмыстан қуылды (ВИДЕО)

Бір патрульдік полиция жасағының жанжалды тынышталдыруға шамасы келмей, оқиға орнына тағы үш топ шақырылған.

Ақтөбеде полиция бөлімшесіне жеткізілген тұрғынды сабаған полицейлердің басы дауға қалды. Тәртіп сақшыларының оны соққыға жыққан сәті бөлімшенің ішіндегі камераға түсіп қалған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының №3 полиция бөлімшесіне 24 қараша күні сағат 15.00-де "Заходи" кафесінде төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түскен.

Бір патрульдік полиция жасағының жанжалды тынышталдыруға шамасы келмей, оқиға орнына тағы үш топ шақырылған. Кафеде мас күйінде төбелескен үш адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

"Кафеде бұзақылық болып, үш ер адам әйелді ұрып жатқаны бойынша патруль шақырылған. Күдіктілер ұсталып, полицияға жеткізгенде біздің қызметкерлердің бірі ұрған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

10 полиция қызметкері жұмыстан босатылып, 3 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Тұрғынды бір қызметкер ұрғанда қалғандары көріп тұрып, алдын алмаған. Заң алдында барлығымыз бірдейміз. Тәртіп қатаң бақылауда.

Қылмысты жасырып, қорғау болмайды. Биылғы жылдың 10 айында 983 полиция қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 39 полиция қызметкері жұмыстан шығарылды", – дейді облыстық ПД басшысы Атығай Арыстанов.

Жұмыстан қуылған полицейлердің барлығы жас мамандар.

Ал тәртіп сақшыларынан таяқ жеп, қабырғасы сынған жәбірленушілердің бірі қазір ауруханада жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары