$ 494.87  520.65  4.91

Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару тәртібін түсіндірді

Ақжарқын ісіне қатысты соңғы сот отырысы қыркүйекте өткен.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Сыртқы істер министрлігі Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан қазақ қызын елге қайтару тәртібін түсіндірді. Көрші елде есірткі тасымалына байланысты істі болған Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға алдымен сот шешімі шығуы керек. «Онсыз отандасымызды қайтару туралы сұрау сала алмаймыз», - дейді дипломаттар.

Ақжарқын ісіне қатысты соңғы сот отырысы қыркүйекте өткен. Шешімі әлі шыққан жоқ. Сот жаза кескен соң, дипломаттар отандасымызды елге қайтаруға талпынып көреді. Ол үшін алдымен қыздың жақындары Бас прокуратураға өтініш-хат жолдауы тиіс. Соның негізінде қадағалаушы орган Қытай тарапына жүгінеді. Бірақ, қызды қайтара ма, жоқ па, ол жағын қытайлықтар өздері шешеді. Экстрадицияланған күннің өзінде Қазақстанда Ақжарқынның басынан ешкім сипай қоймайды. Яғни, істі біздің сот қайта қарайды. Өйткені екі елдің заңы мен кесетін жаза мерзімі әртүрлі. 

Отандасымыз бес жыл бұрын Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Сол кезде 20 жаста болған оған шекарадан төрт жарым келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. 2015 жылдың маусымында Қытай соты Ақжарқынды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бір жылдан соң аталмыш үкім жойылып, іс қайта қарауға жіберілген.

Дереккөз: ktk.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары